Список документов
Классный час на тему: "Отбасы тәрбиесінің бала тәрбиесіндегі атқаратын ролі"

Тақырыбы: Отбасы тәрбиесінің бала тәрбиесіндегі атқаратын ролі
 
Мақсаты:А) Отбасының бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін арттыру,балаға көңіл бөлдіру.
Б)Мектеп ,ата-ана арасындағы ынтымақтастықты арттыру.
С)Білімді де бәсекеге қабілетті ұрпақты ата-ана мен мектеп болып бірлесіп тәрбиелеу.

    Көрнекілігі: Слай шоу,отбасы туралы нақыл сөздер,суреттер

Сабақ барысы:
Жүргізуші:-Құрметті ата-аналар,ұстаздар,оқушылар!Бүгінгі «Отбасы тәрбиесінің бала тәрбиесіндегі атқаратын ролі»тақырыбындағы дөңгелек үстелімізге қош келіпсіздер!Бүгін бізге сыныбымыздағы оқушылардың ата-аналары құрметті мейман болып келіп отыр.Түрлі сауалдарға жауап іздеп,бірлесіп шешіп көрсек.
1994 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымымен Халықаралық отбасы жылы деп белгіленіп,әлемдік қауымдастықтың бұл мәселеге мән беруі көзделген еді.Адам баласының қасиетті міндеттерінің бірі-дүниеге ұрпақ әкеліп,артына із қалдыру.Баласының жақсы болғаның армандамайтын ата-ана жоқ шығар.Баласының болашағы үшін ата-ана отқа да,суға да түседі.Бала тәрбиесі-бүгінде қиын да күрделі процесс.Сондықтан бала тәрбиесіне бірлесіп көңіл бөлгеніміз жөн.
Отбасы-оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы.Отбасы тәрбиесі-бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі,мемлекет алдындағы ата-аналардың борышы.Отбасында басты мәселелерінің бірі-баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру.Бұған баланың күн ырғағы,міндеттері,қойылатын талаптар,үй еңбегіне қатысуы,оқу әрекеті,бос уақытын ұйымдастырулар жатады.
-Сіздердің отбасында бұл қалай жолға қойылған?ата-аналарға сауал тастау
Баланың оқуға деген құлшынысы бір жағынан ата-анасының білімді , оқыған азаматтар болса,балаға деген талапты да қоя алады деп есептейді екен ғалымдары
-Сіздер бұған қалай қарайсыздар?
Қазіргі кезде отбасының «уақталу»үрдісі жүруде.Ол  дегеніміз-жас ата-аналардың тұратын әжесіз,атасыз отбасылар.Ата-мен әженің тәрбиесі бұрындары басқаша болды.Олар ұйықтар алдында немереге ертегі айтып,түрлі бастан кешкен әңгімелерін айтып,еңбектену керек екенің айтты.Бүгінде көп отбасыларымыз ата-әжесіз тұрып жатыр.Олардың өз алдына үй болып кетуі өздерінің мәселесі болып тұрғанда,балаға көп мән берілмей кетіп отырады.Бұл сұраққа қалай жауап бересіздер?
Бүгінде бала тәрбиесіне көгілдір экранның әсері де бар.Олар ата-анасы жұмысқа кеткенде көргісі келетін нәселердің бәрін көріп, ешкім оларға бөгет келтірмейді.Ата-ана  баласының қандай мультфильм  көретінің де білмейді.Сіздердің балаларыңыз қандай ертегі көреді немесе бос уақытында немен айналысады?
«Тәрбиенің негізі -бесіктен»дегенге қалай қарайсыздар?
Бала тәрбиесі басты назарда.Баланың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру, күнделікті жаза қолдану да баланың тәрбиесіне әсер етеді.Сондықтан отбасы мен мектеп болып бірігіп ұйымдасқан түрде бала тәрбиесіне көңіл бөлетін болсақ сонда ғана күрмелі жіптін бір жағы шешілмек.Үнемі сынып жетекшінің бойына баласының тәрбиесін іліп қоюға болмайды.Ата –ана әр дайым өз баласының қамын ойлауы шарт.Мына слайдқа назар аударсақ:

 

 

 

Автор: Молдабаева Шолпан
Просмотров: 955
Дата создания: 24 Февраля 2015 г.
Дата редактирования: 24 Февраля 2015 г.
www.egov.kz
Опрос