Список документов
День языка

1 жүргізуші:

Ассалаумағалейкум халқым менің

Ардақта дәстүрінді салтынды елім

Мереке басы болсын берекенің

Игі еңбектің жемісін бәрін жегің

2 жүргізуші

Армысыздар құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар!

Бүгінгі « Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты  Халықтар достығының Фестивалін бастауға рұқсат етіңіздер!

1- "Бірлік бар жерде - тірлік бар" дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді.

        2-   Қазақ қашаннан да бауырмал халық қой. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген "жат жұрттардың" бәрін бауырына басып, төрінен орын беріп, қандай қиын кезеңдердің өзінде бір үзім нанды бөліп жеді. Сөйтіп, қаймағы бұзылмаған қазақ жері көпұлтты мемлекет болып шыға келді. Бүгін елімізде 136 ұлт пен ұлыстың өкілдері бір тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Барлығымыз туған жердің төсінде, құшағын жайған бейбіт елдің ішінде ел бірлігін сақтауға атсалысайық!

1-Ақ сүтімен ананың

Дарыған маған ана тіл.

Әлем тілін ұқтырған

Данышпан тіл, дана тіл.

Бүл тіліммен тербеліп,

Өсті бөбек күндерім.

Өлең жаттап бұл тілде

Өтті талай күндерім

Ана тілім болмаса

Кім болар ем білмедім?!

2-Ел тарихы, жер тарихы өзіміз

Болашақтың қасиетті көзіміз

Барлық ұлтпен баурласып жетерміз,

Ақ, қараны тіліп тұрса сөзіміз.

1-Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,

Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын,

Татулығын жырға қосам ұлттардың

Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.

1-Қазақ осы дала дейтін күн дейтін

Қазақ осы өнер алды тіл дейтін

Қазақ осы қарасын ба ақсын  ба

Қоңырсын ба жатырқауды білмейтін  

2-Достық тапса діндер менен ділімді

Салт-дәстүрлер сыйға ұласты бүгінгі,

Бір туғандай ұлтаралық келісім

Бір көтерген Орыс халқы  жүгімді.

1-Серт берісіп туыс болып қалуға

Нәубеттерден аман жеттік дамуға,

Байтақ елдің биік ұстап байрағын

Өзбекпенен мәңгі дос боп қалуда.

2-Тілі бөлек болғанымен тілек бір

Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл,

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

Украин халқын шақырамыз ортаға.

1-Дос емес, достың сөзін көтермесе

Саған жердің түбінен жетем десе.

Қазақ пенен немістің достығына

Түспейді ешкімде арасына

2-Нағыз дос бірін-бірі жамандамас

Араға көп өкпе сап табандамас

Көңілі татулықтың күйін шертер

Нәр татайық шешен-ингуш өнерінен.

1-Жақсының әрбір сөзің қайырмаңыз

Грузин-армян жақсылығын ұмытпаңыз

Сыр алмаған біреумен дос болам деп

Сыр алған досыңыздан айрылмаңыз.

2-Отаным-ордасы гой игіліктің,

Көңіліне күн орнатқан күллі жұрттың.

Жолдас болсаң молдаванмен адаспассың

Баянды бағы өрлеген осы ұлттың.

1-Шыр көбелек билейтін

Мақтануды сүймейтін

Биші десең кәрісті айт

Мың бұралып түрленген

2-Не жетсін ұлан-асыр баршылыққа

Береді кең жер шипа-нәр шыбыққа.

Тек қана қазақ жерін паналаған

Қытай елі аман қалған таршылықтан.

1-Ғажап елім-ғарышқа жол тастаған

Қаһарман елім ержүрек қол бастаған

Данышпан елім-түрікке де орын тапқан

Рухы биік ашық аспан астынан

2-Армысың қадірменді ұйғыр халқы

Арта берсін абыройың, атақ-даңқын.

Қыздарының сұлуы бар, тәуірі бар

Ұстанған қазақтың ата салтын.

1-Белорус қандай ғажап халықсыздар

Қазақтың шыңынан орын алыпсыздар

Жан біткен жанарынан нұр сыйлаған

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар!

2-Шырқа әнге шалықта,

Бидеген де жалықпа.

Татар-ау өнеріңді аямай

Мың бұралып қалықта!

1-Мың бұралған арулар аңдап басып,

Келеді міне ортаға толқып тасып.

Аруларын сыйлаған, тәжік халқын,

Көңілді қошеметпен қарсы алайық!

2-Жаны сырлы, жанары таң қыздары

Сәуле шашқан өмірге, нұр қыздары

Көрік болған көгімде жұлдыздары

Құрметпен қарсы алайық қырғыздарды.  

1-Қуаныштан желпілдейді түндігім

Бар халықтың бірлік тойы күн бүгін,

Халқым мәңгі ғұмыр кешсін бақытты,

Бір тамырмен байлап қойған кіндігін!!!

2- Тілеймін бақытты өмір ашық аспан,

Жалғанда тілек барма одан асқан.

Аман боп жанұяң мен бауырларың,

Жалғансын мерекелік ақ тілекпен.

1 - Республикамызда тұратын түрлі ұлт өкілдерін бірлік мерекесімен құттықтаймыз! Ең бастысы, ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен деп тілейміз.

Автор: Кожахметова Б.К
Просмотров: 930
Дата создания: 23 Октября 2013 г.
Дата редактирования: 23 Октября 2013 г.
www.egov.kz
Опрос